Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды: 2 адам тірідей жанып кетті
Маңғыстау облысында қайғылы жағдай болды: 2 адам тірідей жанып кетті
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, – деп хабарлады «Астана» телеарнасы. Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып, жылдамдығын үдеткен. Көлік Mercedes-пен соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан неміс иномаркасы лезде жалынға оранған. «Toyota жүргізушісі, алдымен менің артымда келе жатты, кейін жылдамдығын үдетті. Сағатына 145-150 шақырыммен жүрді. Өте қатты соғылды», – дейді куәгер. Mercedes ішінде болған 2 адам өртеніп кеткен. «Апат салдарынан бір көлік өртеніп кетті, екі адам қаза болды. Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі. Жол-көлік апатына кінәлі адам 10 жылға сотталады.