«Әдетте адам алдын ала сезеді деуші еді»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің соңғы сәттері туралы айтты
«Әдетте адам алдын ала сезеді деуші еді»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің соңғы сәттері туралы айтты
Фото: instagram.com/sultankyzy
1,415
оқылды
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі, кәсіпкер Қайрат Беркінбаевпен соңғы кездесуі туралы жазды. Оның айтуынша, жұбайы ажалын алдын ала сезіп, отбасымен қоштасқан. Марқұм күйеуі туралы жазбаны Ләйлә Сұлтанқызы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда тележүргізуші жан жарының қазасынан әлі есеңгіреп жүргенін жеткізген. Ол күйеуімен соңғы рет Ыстанбұлға барар алдында жүздесіпті. «Ләйлә, балаларды алып, 3-4 күнге болса да барып келіңдер. Мен жұмыстан босамаймын, балалар бір демалып келсін» деп ерекше еміреніп шығарып салып еді. Әдетте Қайрекем эмоцияға берілмейтін. Сол күні ұлдарды қайта-қайта сүйіп, жүктеріне дейін көтеріп, қол бұлғап ұзақ тұрды… Демалыстан елге ұшар алдында да қайта-қайта хабарласып, амандығымызды сұрап, үйде күтетінін айтты… Мына сурет пен видео сол саяхатқа шығарып салып жатқан сәтінен. Әдетте адам алдын ала сезеді деуші еді, сезді ме, білмеймін. Сап-сау серігімнің жүрегі бір сәтте тоқтады да қалды», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. Айта кетейік, 6 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті Қайрат Беркінбаев өмірден өтті. Қайрат Беркінбаев 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі «Барыс» мемлекеттік орденімен марапатталған еді. Қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті.