Павлодарда 23 жастағы жас жігіт полицей туысының үйінен өлі табылды
Павлодарда 23 жастағы жас жігіт полицей туысының үйінен өлі табылды
©Тұрар Қазанғапов
617
оқылды
Павлодар тұрғыны қаладағы пәтерлердің бірінен өлі табылды. Ол оқ жарақатын алған. Полицейлер ер адамның өлімінің себептерін анықтап жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Telegram-арналардың бірінің мәліметінше, марқұм 23 жаста болған. Ер адам полицейдің туысы екені айтылған. Әлеуметтік желілерде марқұмның басына оқ тигені жазылған. Жазбаға сәйкес, оқ туысы түскі үзіліс кезінде үстел үстінде қалдырып кеткен қызметтік тапаншадан атылған. Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі адам өліміне қатысты мән-жай анықталып жатқанын хабарлады.
"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, соталды тергеу амалдары жария етілмейді", – деп түсіндірді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.