Үнді мұхитының жағалауында отырып жұмыс істеу ұнай ма?
Үнді мұхитының жағалауында отырып жұмыс істеу ұнай ма?
Getty Images агенттігінен алынды
686
оқылды
G20 саммиті өтіп жатқан Индонезияның Бали аралы қашықтан жұмыс істейтіндерді қызықтырып жатыр. Аралда қандай жағдай жасалған? Балиде кімдер жұмыс істейді? Бұл сұрақтардың жауабын dw.com сайтындағы материалға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_227546" align="aligncenter" width="1706"]Рисунок2 Цифрлық көшпенділердің бүгінгі жұмыс орны жылы мұхит пен ақ құмның арасында. Getty Images агенттігінен алынды[/caption] DW журналистері 32 жастағы Наргиз Исаеваның Үнді мұхитының толқындарына көз тастай отырып, Қазақстандағы маркетингтік агенттігін басқарып отырғанын айтқан. Ол «цифрлық көшпенділердің» (Digital Nomads) типтік өкілі. Оған ұқсайтын аралда 3000-нан астам адам бар.
«Бали – әлемдегі ең жақсы жер. Мұнда келгенімде бұл менің үйім екенін бірден сезіндім. Егер тауға барғым келсе, солтүстікке барамын. Ал жағажай дәл есік алдында. Бали – «цифрлық көшпенділердің» астанасы», – дейді біздің отандасымыз.
[caption id="attachment_227549" align="aligncenter" width="1600"]Рисунок3 Үнді мұхитының толқындарына көз тастай отырып жұмыс істеу керемет пе?! Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі экономиканың өсуіне серпін беру үшін Индонезия елге әлемнің түкпір-түкпірінен бай адамдарды тартуға  мемлекет тарапынан күш салып жатыр.
Банкте 130 000 еуро шоты бар тұлғалар 10 жылға виза алады. Бұл ереже Рождество мерекесіне қарай күшіне енеді. Мұндай жағдай Индонезия экономикасына үлес қосуға шетелдіктерді ынталандыру үшін жасалып жатыр.
Осылайша, Индонезия қашықтан жұмыс істей алатын кәсіпкерлерге, сондай-ақ зейнеткерлер мен басқа да ауқатты адамдарға ұзақ мерзімді тұру мүмкіндігін ұсынатын Коста-Рикадан Малайзияға дейінгі елдердің тізіміне қосылды. [caption id="attachment_227551" align="aligncenter" width="1738"]Рисунок4 Индонезияда цифрлық инфрақұрылымы жақсы дамыған. Балидегі өмір сүру сапасы жоғары, бағалар төмен. Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Оңтүстік-Шығыс Азия қазірдің өзінде қашықтан жұмыс істей алатындар үшін ең танымал аймаққа айналды.
Индонезияның цифрлық инфрақұрылымы жақсы дамыған. Балидегі өмір сүру сапасы жоғары, бағалар төмен.
Тіпті жергілікті бюрократия цифрлық көшпенділердің жұмысын жеңілдетеді. [caption id="attachment_227552" align="aligncenter" width="1731"]Рисунок5 Жергілікті бюрократия цифрлық көшпенділердің жұмысын жеңілдетеді. Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Интернетте алуға болатын қарапайым келу визасымен шетелдіктерге елде жылына 180 күнге дейін тұруға рұқсат етіледі. Олар салықтан босатылған. Бірақ шетелдіктер бұл мүмкіндікті біле бермейді, оның орнына елге келгеннен кейін олар жай туристік визаға өтініш береді.
Балидегі туризм ковидтік пандемиядан қатты зардап шеккендіктен цифрлық көшпенділерді барынша қолдайды. Өйткені, Бали экономикасының 70 пайызы тікелей немесе жанама түрде туризмге тәуелді.
Әрине, қазақ жастарында да таңдау бостандығы бар. Қандай елге, қандай аралға барып тұру, демалу мен жұмыс істеу әркімнің өз еркінде.
Бірақ, Қазақстанда тапқан валютаны шетелге демалуға жұмсағаннан гөрі, шетелде жұмыс істеп, валютаны елге келіп жұмсаған дұрыс па?..
Сіз қалай ойлайсыз?!