G20 саммиті өтіп жатқан Индонезияның Бали аралы қашықтан жұмыс істейтіндерді қызықтырып жатыр. Аралда қандай жағдай жасалған? Балиде кімдер жұмыс істейді? Бұл сұрақтардың жауабын dw.com сайтындағы материалға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_227546" align="aligncenter" width="1706"]
«Бали – әлемдегі ең жақсы жер. Мұнда келгенімде бұл менің үйім екенін бірден сезіндім. Егер тауға барғым келсе, солтүстікке барамын. Ал жағажай дәл есік алдында. Бали – «цифрлық көшпенділердің» астанасы», – дейді біздің отандасымыз.[caption id="attachment_227549" align="aligncenter" width="1600"]
Банкте 130 000 еуро шоты бар тұлғалар 10 жылға виза алады. Бұл ереже Рождество мерекесіне қарай күшіне енеді. Мұндай жағдай Индонезия экономикасына үлес қосуға шетелдіктерді ынталандыру үшін жасалып жатыр.Осылайша, Индонезия қашықтан жұмыс істей алатын кәсіпкерлерге, сондай-ақ зейнеткерлер мен басқа да ауқатты адамдарға ұзақ мерзімді тұру мүмкіндігін ұсынатын Коста-Рикадан Малайзияға дейінгі елдердің тізіміне қосылды. [caption id="attachment_227551" align="aligncenter" width="1738"]
Индонезияның цифрлық инфрақұрылымы жақсы дамыған. Балидегі өмір сүру сапасы жоғары, бағалар төмен.Тіпті жергілікті бюрократия цифрлық көшпенділердің жұмысын жеңілдетеді. [caption id="attachment_227552" align="aligncenter" width="1731"]
Балидегі туризм ковидтік пандемиядан қатты зардап шеккендіктен цифрлық көшпенділерді барынша қолдайды. Өйткені, Бали экономикасының 70 пайызы тікелей немесе жанама түрде туризмге тәуелді.Әрине, қазақ жастарында да таңдау бостандығы бар. Қандай елге, қандай аралға барып тұру, демалу мен жұмыс істеу әркімнің өз еркінде.
Бірақ, Қазақстанда тапқан валютаны шетелге демалуға жұмсағаннан гөрі, шетелде жұмыс істеп, валютаны елге келіп жұмсаған дұрыс па?..Сіз қалай ойлайсыз?!