Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ-да Абай студенттік орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысты.
Министр студенттерді ең батыл идеяларды жүзеге асыруға, қызықты жобалар мен стартаптарды дамытуға көмектесетін жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады. Abai Student Center жалпы білім беру саласын дамытуға қызмет ететінін және Қазақстанның басқа университеттері үшін жарқын үлгі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім мен ғылым саласына, адами әлеуетті арттыруға, жастарды қолдауға ерекше көңіл бөліп отырғаны баса айтылды.
«Бұл орталық университетке ел Президенті қойған міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Мен Борис Умановтың игі ісін ерекше атап өткім келеді. Педагог, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дамуы мен еліміздің педагогикалық білімінің қалыптасуына зор үлес қосқан заманауи қазақстандық педагогиканың негізін қалаушылардың бірі, ғалымның ұлы Григорий Абрамович Умановтың құрметіне Abai Student Center құруға демеуші бола отырып, студенттерге үлкен қолдау көрсетті», – деді Саясат Нұрбек.Университет ректоры Дархан Біләлов осындай маңызды іс-шараға қатысқандардың барлығына алғысын білдірді.
Алматы