"Әскери каскаларды темір-терсек қабылдайтын орынға өткізген": Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
"Әскери каскаларды темір-терсек қабылдайтын орынға өткізген": Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
© видеодан алынды
450
оқылды
Әлеуметтік желіде әскери каскалардың темір-терсек қабылдайтын орында үйіліп жатқаны туралы видео тарады. Аталған жайтқа қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді.
«Бұл – Шымкент. ҚР Қорғаныс министрлігі Отан қорғау игілігі үшін каскаларын металл қалдығын қабылдайтын жерге өткізіп жатыр», – дейді видеода сөйлеген ер адам.
Аталған жайтқа қатысты ведомство өкілдері пікір білдірді.
«Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әскери каскалар Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомствода тексеріс жүргізілді. Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті жымқыру және жоғалту фактілері орын алған жоқ», – делінген хабарламада.