Ұрлық жасап ұсталған жасөспірім министрмен кездескен соң чемпион атанды (видео)  

Ұрлық жасап ұсталған жасөспірім министрмен кездескен соң чемпион атанды (видео)  

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды. Министр Қосшы қаласы мен Астанаға жақын орналасқан учаскелік полиция пункттерін аралады. Бұл туралы Aikyn.kz ІІМ-не сілтеме жасап хабарлайды.  Дүкеннен электронды темекі ұрлап ұсталған жасөспірім анасымен бірге полиция пунктінде болған.   Ювеналды полиция бөлімінің қызметкері кәмелетке толмаған Нұрдәулетпен профилактикалық әңгімелесу өткізген. Ол министрмен кездейсоқ кездесіп қалған. Министр жасөспіріммен әңгімелесіп, жаман әдеттен арылуға шақырды. Баладан болған оқиғаның мән-жайын білген Марат Ахметжанов жасөспірімге спортшы ретінде жетістікке және өмірде тек жақсылыққа ұмтылу керегін айтты. Астана қаласында өткен каратэден қалалық жарыста бірінші орынды иеленді. Мұндай жаңалықты оның жаттықтырушысы айтты. https://youtu.be/07kXbUkUJ1A Нұрдәулет спортпен айналысады. Министрмен кездескеннен кейін келесі күні Астанада өткен қалалық жарыста жүлде алды.