Президент: Маңызды міндет – студенттерді жатақханамен қамту
Президент: Маңызды міндет – студенттерді жатақханамен қамту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президенттің айтуынша, университеттерде ғылымның дамуына жағдай жасау керек. Мемлекет жас ғалымдарды қолдайды. «Биылдың өзінде 2 мыңнан астам жас ғалым грант арқылы ғылыми зерттеу жүргізуге мүмкіндік алды. Жыл сайын 500 ғалымға әлемнің басты ғылыми орталықтарында тәжірибеден өту үшін жолдама беріледі. Келесі маңызды міндет – студенттерді жатақханамен қамту. Алматы – жастар қаласы. Еліміздің іргелі білім ордалары осында орналасқан. Қалада 35 жоғары оқу орны бар. Онда 191 мыңнан астам студент білім алып жатыр. Басым көпшілігі аймақтардан келген. Оларға, ең алдымен, тұратын орын керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұған дейін Президент Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішінің ашылу салтанатына қатысқанын жазған болатынбыз.