Жеңіл көлік 12 жастағы баланы басып кетті

Жеңіл көлік 12 жастағы баланы басып кетті

Алматы облысында 12 жастағы баланы автокөлік қағып, қаза тапты.  Рolisia.kz-тің мәліметінше, оқиға жаяу жүргіншілер жолында болған. «16.11.2022 жылы сағат 14:00 шамасында 34 жастағы Honda Avancier маркалы автокөлік жүргізушісі Шелек ауылында Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бала оқиға орнында қаза тапты» делінген ресми хабарламада. Аталған факт ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының СДТБТ-да тіркелді.