«Алматы – Өскемен» автожолында жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды

«Алматы – Өскемен» автожолында жүк көліктерінің жүруіне тыйым салынды

Абай облысында ауа райына байланысты жолда жүруге шектеу қойылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, 16 қараша түнгі сағат 22.40-тан бастап республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» тасжолының 778-967 шақырымы аралығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынған. Себебі дүлей бораннан жол көрінбейді. Бұл – Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылының арасындағы учаске.