Қазақстан бойынша барлық жол ашық – ТЖМ
Қазақстан бойынша барлық жол ашық – ТЖМ
Фото: syzran-small.ru
472
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Абай облысында көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды. «Бүгін, таңертеңгі сағат 06.30-да республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» тасжолының 778-967 шақырым аралығында тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына салынған тыйым алынды», – делінген ресми мәліметте. Айта кетейік, Аягөз бен Қалбатау ауылы арасындағы жолмен жүк көліктеріне жүруге шектеу қойылған еді.