Ақтауда 302 келі бекіре тұқымдас балық аулаған әйел ұсталды
Ақтауда 302 келі бекіре тұқымдас балық аулаған әйел ұсталды
ПД-нен алынды
3,666
оқылды
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, көлік ішінен заңсыз ауланған балық табылды.    width=
«16 қараша күні сағат 16.30 шамасында Ақтауда 26-шағынауданда Lexus маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Жалпы салмағы – 302 келі», – делінген ресми мәліметте.
Балықты заңсыз аулаған 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматшаға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Мәжіліс депутаты "Біз балық шаруашылығын тек қана қағаз жүзінде дамытып жатырмыз" деген еді.