Ақтауда 302 келі бекіре тұқымдас балық аулаған әйел ұсталды

Ақтауда 302 келі бекіре тұқымдас балық аулаған әйел ұсталды

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, көлік ішінен заңсыз ауланған балық табылды.  

«16 қараша күні сағат 16.30 шамасында Ақтауда 26-шағынауданда Lexus маркалы автокөлік тоқтатылды. Көлікті тексеру барысында 76 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Жалпы салмағы – 302 келі», – делінген ресми мәліметте.
Балықты заңсыз аулаған 32 жастағы азамат пен 44 жастағы азаматшаға қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін Мәжіліс депутаты "Біз балық шаруашылығын тек қана қағаз жүзінде дамытып жатырмыз" деген еді.