Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды
Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды
Фото: matritca.kz
3,207
оқылды
Оралда қонақүйден ер адамның мәйіті табылды. Бөлмеде 28 жастағы азаматша болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   Polisia.kz-тің дерегінше, 16 қарашада сағат таңғы 08.10 уақыт шамасында Абай ауданының полициясына қонақүйден ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, 35 жастағы азаматтың мәйітін анықтады. Бөлмеде марқұмнан бөлек 28 жастағы азаматша да болды. Ол осы ауыр қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынды.