Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті
Қарағанды облысында 14 вагон рельстен шығып кетті
Фото: 9111.ru
490
оқылды
Қарағанды маңында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Қазақстан темір жолының» мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 06.15-те Қарағанды облысында болған. «Қарағанды – Сұрыптау-Ақадыр учаскесінің 767 Қарабас – ОП аралығында жүк пойызының 14 вагоны рельстен шығып кетті. Компания өкілдері учаскеде жүк және жолаушылар пойыздарының қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Жекеменшікке тиесілі вагондарда ақау болғандықтан, рельстен шығып кеткен» делінген ресми хабарламада. Апат салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана стансаларының  үш қалпына келтіру пойызы тартылғанын мәлім етті.

Бұған дейін Қарағанды облысында астық тиелген 12 вагон рельстен шығып кеткен еді.