Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Джафарзаде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Қытайға және кері қарай ұшатын барлық жолаушылар рейсінің тоқтатылды, – деп хабарлады «ҚазАқпарат». «Қытайға ұшатын жолаушылар рейстері тоқтатылды, бірақ жүк рейстері коронавирустың таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болады», – деді ол. Кеше Иранның Денсаулық сақтау министрлігі Иранда коронавирус жұқтырған жаңа 3 жағдай туралы хабарлады. Осылайша, ауру жұқтырғандар саны 5 адамға жетті. Кум қаласының билігі екі адамның қаза табуына байланысты сол шаһардағы мектептер мен университеттерді жабу туралы шешім қабылдады.