Қызылордада күннің ерекше құбылысы байқалды
Қызылордада күннің ерекше құбылысы байқалды
Бүгін Қызылордада күн тұтылуының ерекше құбылысы байқалды. Жергілікті жұртшылық табиғаттың тосын құбылысына таңданып, түрлі пікірлер айтуда. Дәл осы сәтте шығыс беттен үш бірдей күннің сұлбасы көрініс тапты. Көк жүзінде үлкен шар тәріздес бейне пайда болды. Шардың ортасынан және екі жағынан күн сәулесі пайда болды. Әлемжеліде бұл көрініс қызу талқыға түсіп жатыр. Мұны әдеттегі табиғи құбылыс деп түсіндіреді. Мұнда ауада жай адамның көзіне көрінбейтін алты қырлы шағын кристаллдар пайда болады екен. Күннің сәулесі сол кристаллдарды тесіп өтеді. Нәтижесінде, көк жүзінде осындай гало оптикалық әсері байқалады. Алайда әзірге табиғаттың  бұл тылсым құбылысы жайында нақты ресми мәлімет жоқ. Бұған дейін дәл мұндай құбылыс Ресейде байқалған екен.