АҚШ цифрлық долларды қолданысқа енгізеді. Теңге қалай өзгереді?
АҚШ цифрлық долларды қолданысқа енгізеді. Теңге қалай өзгереді?
Фото freepik.com сайтынан алынды
579
оқылды
Нью-Йорктің Федералды резервтік банкі цифрлық долларды қолдану қазіргі банктік жүйеге қандай өзгерістер әкелетінін тексеруге кірісті. Мегаполистің инновациялық орталығы бүгінде жобаға Mastercard, Citi, HSBC, Wells Fargo, US Bank және BNY Mellon сияқты танымал компанияларды қосты. Бұл туралы Slash Gear платформасында жарияланған мақалаға сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. Рисунок2Болашақта кім жеңері белгісіз: криптовалюта ма, доллар ма? Фото bitnovosti.com сайтынан алынды
12 аптаға созылатын пилоттық сынақта жобаның тұжырымдамасы нақтыланады.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл жауапкершілік шеңберін анықтауды және қазіргі жүйені пайдаланып серіктес банктер арасындағы транзакцияларды жүргізетін қаржылық инфрақұрылым жасауды білдіреді. [caption id="attachment_227750" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 Доллар мен биткоин арасы блокчейн арқылы жалғанады. Фото coiniran.com сайтынан алынды[/caption]
Жобаның басты идеясы – криптовалюталық транзакцияларды сақтауға және аутентификациялауға арналған блокчейн негізінде тексеру жүйесін жасау және банктер арасындағы қаражаттың қозғалысын жеңілдететін үзіліссіз жұмыс істейтін, ұлғая беретін инфрақұрылым қалыптастыру.
Сынақ имитацияланған деректерді қамти отырып, АҚШ долларына ұқсас қаржы номиналдарын пайдаланады. Нью-Йорк Федералды резервтік банкінің жобасы әлемде криптовалюта сегментіне деген сенім ең төменгі деңгейге түскен қызықты уақытта басталды.
Соңғы айларда криптовалюта нарығы жүздеген миллиард доллар жоғалтты. Бұл осыдан 5 күн бұрын банкроттығын мойындаған FTX сияқты ірі криптобиржа қызметінде әлі де үлкен қаржылық тәуекел бар екенін көрсетеді.
[caption id="attachment_227751" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок4 Американың тәуелсіздік декларациясының бес авторының бірі Бенджамин Франклин цифрлық долларға қарсы ма?! Фото myfin.by сайтынан алынды[/caption] Пилоттық жобаға тартылған мүдделі тараптар цифрлық доллар тұжырымдамасының техникалық және функционалдық инфрақұрылымын құруға бірлесіп үлес қосады. Олар жақын арада бұл тәжірибені пайдаланушыға бағытталған әлеуетті жүйені құру үшін пайдаланады. Эксперимент аяқталғаннан кейін нәтижелері көпшілікке жарияланады.
Bloomberg мәліметтері бойынша, АҚШ долларына тіркелген токендермен жұмыс істеу жүйесі трансшекаралық ақша аударымдарын айтарлықтай жеңілдетеді.
Қазіргі қаржылық инфрақұрылымды ұтқыр әрі қолжетімді ету үшін АҚШ валютасының Digital Dollar цифрлық нұсқасының мүмкіндіктері де зерттелуде. Ақ үй қыркүйек айында цифрлық валютаны пайдалануды қолдап, доллардың халықаралық қаржы жүйесіндегі рөлін нығайтуға ұшталған зерттеулер мен әзірлемелер жасауды тапсырды. Осыдан АҚШ-тың әлемдегі доллардың ықпалын сақтап қалу үшін цифрлық токенге ауыстыруға деген саясатын көруге болады. [caption id="attachment_227755" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок5 Теңгенің бағамына цифрлық токендер тікелей әсер етпейді. Фото inbusiness.kz сайтынан алынды[/caption] Қазақ елі де цифрлық теңгені енгізуді қолға алды. Теңгенің бағамына цифрлық токендер тікелей әсер етпейді.
Цифрлық теңгені тек Ұлттық банк  айналымға шығарып,  бақылауында ұстайды. Ол заңды төлем құралы ретінде қабылданады және арнайы электронды әмиянда сақталатын электронды жазба түрінде шығарылады.
Желтоқсан айында қорытынды шешім шығып, келесі жылы цифрлық теңге айналымға қосылып жатса, бүгінгі қолма-қол ақша мен есепшоттардағы қаражат сақталатын болады.