Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінен кешігіп қалмаңыз!
Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінен кешігіп қалмаңыз!
Ертең, яғни 18 қараша күні Шымкенттегі «Көрме» орталығында Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі өтеді. Іс-шара сағат 09:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғаспақ. Еліміздегі әсем қалалардың бірі, үшінші мегаполистен үй алғысы келгендер  осы уақыт аралығында жәрмеңкеге қатысып, мұнда ұсынылатын тұрғын үйлерді және оларды тиімді шарттармен алу жолдарын біле алады. Тұрғын үй жәрмеңкесін еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк – «Отбасы банк» ұйымдастырып отыр. «Шымкент қаласында ертең өтетін кең ауқымды жәрмеңкеде 20-ға жуық ірі құрылыс компаниялары өздерінің тұрғын үй нысандарын таныстырады. Олардың қатарында: BI Group, Базис-А, OKS, Батсу, Kanfar, Orda Invest, Отаu Group, Art Kurylys, СПК Шымкент, Эристайл, Capital City, Altyn Land, Feb group, Ердам, South company, 01 kz bulding және Дамдес сияқты құрылыс салушылар бар. Бүгінде қаламызда құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Келушілерге таныстырылатын үйлердің ішінде құрылысы жүріп жатқан, аяқталған, тіпті 2024 жылы пайдалануға берілетін нысандар да бар. Салымшылар іргетасы енді қаланып жатқан үйлерге алдын ала тапсырыс беріп қойса, әлдеқайда арзан бағада қол жеткізеді. Бұл туралы ертең өтетін іс-шарада банк өкілдері жан-жақты түсіндіріп береді», – дейді «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиал директорының орынбасары Еркін Бақытбекұлы. жәрмеңке Қала тұрғындары банк кеңесшілерінен төлем қабілетін тексертіп, несиеге алдын ала мақұлдау алу  қызметін  небәрі 15 минуттың ішінде ала алатын болады. – Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк филиалы 3 621 заем берді. Бұл дегеніміз қаламызда күн сайын 11 адам Отбасы банк арқылы қолжетімді несие рәсімдеп,  қоныс тойын тойлайды деген сөз. Биылғы жылдың өзінде Шымкент қаласы бойынша 27 мыңнан астам тұрғын «Отбасы банкінен» салым ашты. Олар тұрғын үй алу мақсатында қаржы жинақтау үшін бізге сенім білдіріп отыр. Себебі депозиті бар салымшылар 3,5-11,5 пайызға дейінгі мөлшерлемемен банктен заем ала алады. Ертең өтетін жәрмеңкеде банк өкілдері клиенттерімізге және барлық келушілерге осы және басқа да тиімді бағдарламалар жөнінде ақпарат беретін болады, – деп атап өтті «Отбасы банк» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев. Сонымен бірге, жәрмеңкеге келген алғашқы 30 адам құрылыс компанияларының сыйлықтарына ие болады. Одан бөлек, дәл осы іс-шара кезінде баспана таңдап, заем рәсімдеген қала тұрғындарына компания өкілдері жеңілдіктер мен бонустар ұсынбақ. Ендеше жеңілдіктер күнінен қапы қалмаңыздар!