Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
182
оқылды
Республиканың кейбір өңірінде тұман, жел, көктайғақ болады. Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, орталықтан таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тұман болады. Тау асуларында оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Шымкентті түнде және таңертең тұман басады. Түркістанда түнде және таңертең тұман болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оралда тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с болатын жел соғады.