«Қазақмыс» кенішінен ер адамның денесі табылды
«Қазақмыс» кенішінен ер адамның денесі табылды
291
оқылды
Ер адамның денесі Бүгін «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі «Жомарт» кенішінен табылды. Марқұм Өскеменнен іс-сапарға жіберілген Омаров атындағы шахта үңгілеу трестінің қызметкері болған. «Жомарт» кеніші Жезқазғаннан 300 км қашықтықта орналасқан.
«17 қарашада «Қазақмыс» корпорациясы кенішінің аумағында зорлық-зомбылық белгілері бар 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт ҚР ҚК «Кісі өлтіру» 99-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдікті адамдарды анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп хабарлады Ұлытау облысының ПД баспасөз қызметі.