Сенаторлар екі келісімді ратификациялады
Сенаторлар екі келісімді ратификациялады
214
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіндегі заң жобаларын қарап, депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында депутаттар «Қа­зақ­стан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жекеше сек­торға және экономиканы неғұрлым орнықты қалпына келтіруге негізделген даму саясатын қаржыландыруға арналған қарыз) ратификациялау туралы» заңды қарап, қабылдады. Бұл заң мемлекеттің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған шаралар кешенін қолдауға арналған. Сонымен қатар Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық кеңесі арасындағы дипломатиялық өкілдіктер, халықаралық ұйымдар жанындағы тұ­рақ­ты өкілдіктер және консулдық меке­мелер қызметкерлерінің отбасы мүше­лерінің ақылы еңбек қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданды. Аталған келісім екі мемле­кет­тің аумағында дипло­матия­лық мис­сиялар қызметкерлерінің отбасы мүше­лерінің ақылы жұмыс істеуіне бай­ланыс­ты мәселелерді реттеуді көздейді. Сондай-ақ отырыс кезінде сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдады. Бақытжан Байахметов қаржыландыру мәселесінің шешілмеуіне байланысты Семей қаласында Бұқтырма су қоймасы мен Ертіс өзені арқылы салынатын кө­пір­дің құрылыс мерзімі өзгеруі мүмкін­дігін айтып, алаңдаушылық білдірді. Ғалиасқар Сарыбаев спортты дамыту мәселесін көтеріп, балаларды ерте жас­тан спортқа жұмылдыру қажеттігіне және елімізде жұмыс істейтін спорт фе­де­рацияларын бақылау деңгейі төмен еке­ніне назар аударды. Ғұмар Дүйсембаев Атырау мен Ақтау­дағы арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс тиімділігін қалай арттыру керек­тігіне тоқталып, кәсіпкерлер көтеріп жүрген проблемаларды шешуге арналған нақты ұсыныстарын айтты. Қанатбек Сафинов тиісті болжам­дарсыз және заңға тәуелді актілерсіз Пар­ламентке енгізілетін кейбір заң жо­ба­ларының сапасына наразылық біл­дірді. Ол заңнамалық және заң шығару қызметіне деген көзқарасты өзгертуге қатысты бірқатар ұсынысын да жеткізді.