Экологиялық жобаларға – 85 млрд теңге
Экологиялық жобаларға – 85 млрд теңге
462
оқылды
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов маңызды экологиялық жобаларды жүзеге асыруды көздейтін Меморандумға қол қойды. ERG құрамындағы «Қазхром» ком­паниясы өзінің жауапкершілігі мен әлеу­меттік бағдарлы компания екенін паш ете отырып, 2023-2027 жылдар аралығында қоршаған ортаға әсерді азайтуға бағыт­талған бірқатар шараларды жүзеге асы­руға ниетті екенін мәлімдеді. Компания міндеттемелер аясында Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші және екінші цехтарында қатты бөлшек­терді 99% тиімді тазалайтын газ тазарту құрылғыларын орнатуға, кәсіпорынның ішкі қажеттіліктері үшін электр энер­гиясын өндіру мақсатында қайта өңдеу электр станциясын салу арқылы №4 бал­қыту цехының ферроқорытпа газын то­лық­тай кәдеге жаратуға, санитарлық-қор­ғау аймағында 100 мыңнан астам көшет егуге, ферроқорытпа өндірісінде өндірілетін кенді толықтай қайта өңдеуге ниетті. – Қазақстанда алғаш рет ірі компания өндірілетін кенді толықтай қайта өңдеу­ге бет бұрып жатыр. Бұл ел экономи­касының өсуі, қосымша жұмыс орын­дары ашылып, компания мен еліміздің мүмкіндіктері артады деген сөз. Мем­орандум тармақта­рын іске асыруға мүдделілік танытқаны үшін ERG-ге бөлек алғыс айтамын. «Қаз­хром» ком­паниясының біздің өңірге ықпалы зор. Сіздерге қарап қалған кәсіп­орындар үлгі алатынына күмәнім жоқ, – деп өңір басшысы Ералы Тоғжанов Еуразиялық Топ басшылығымен жасас­қан келіссөздің нәтижесімен бөлісті. – Бүгін біз Ақтөбе облысы әкімдігімен экологиялық меморандумға қол қоямыз. Бұл қадам өндірістің экологиялық жа­ғынан тазалығын және бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігін арттыру мәселесі Топ үшін қаншалықты маңызды әрі өзекті екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр, – деді «Еуразиялық Топ» ЖШС басқарма төрағасы Серік Шахажанов. – Кәсіп­орын­дарымыз ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқанына қарамастан, біздің мақсатымыз – цехтарды жаңғырту, қоршаған ортаға жүктемені азайту және қалдықсыз өндіріске көшу. Ақтөбе ферроқорытпа зауытына ав­томаттандырылған бақылау жүйесін қон­дыру және басқа да шаралар жос­пар­лан­ған. Меморандум шараларын іске асыру ERG кәсіпорындарына әлемдік норма­тивтерге сәйкес болуға мүмкіндік береді. Ақтөбе облысының әкімдігі тарапы­нан жан-жақты қолдау көрсетілетін бо­лады, себебі өндірістік қызметтің аймақ­тағы қоршаған ортаға антропогендік әсерін азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыру өңір тұрғындары үшін аса маңызды. зауыт Айта кету керек, «Қазхром» компа­ниясы ERG-дің Экологиялық страте­гиясы аясында жұмыс істейді, қоршаған ортаға әсерді төмендетуге бағытталған ауқымды жобаларды тұрақты іске асырып келеді. Мәселен, санитарлық-қорғау айма­ғын­да автоматтандырылған бақылау жүйесін орнату жобасын Ақтөбеде алғаш болып Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң тау-кен байыту комбинаты жүзеге асырған. Инвестицияның жалпы көлемі 500 млн теңге. Қазіргі күні мәлімет ERG серверіне түседі, құзырлы мекемелер де­ректерді жалпыға қолжетімді дереккөзге тарату мәселесін пысықтап жатыр. Бұдан бөлек, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіпорын іске қосылғаннан бері жұмыс істеп келе жатқан №1 және №2 балқыту цехтарын жаңғыртудың ал­ғашқы нәтижелері де көріне бастады. «Қазхром» ТҰК» АҚ даму стратегиясын қайта қарай келе, 600 адам жұмыс істейтін ескі балқыту цехтарын жаппай, мұның орнына газтазарту жүйесін жаңарту ар­қылы оларды қайта құруды ұйғарған. Осы­лайша, Ақтөбе ферроқорытпа зауы­тының 1943 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ең алғашқы пеші – әйгілі «Ком­сомолка» бірінші болып жетілдірілді. «Қазхром» қалдықтарды өңдеу тұр­ғысында сыртқы мекемелердің қызметі­нен 2020 жылдан бері бас тартты. Құра­мына «Қазхром» кіретін ERG-де жаңа ERG Recycling компаниясы құрылды. Ол кәсіпорынның өндіріс қалдықтарымен байланысты қызметтер тобын орындауға маманданған. Жылына 200 мың тонна тұрақтандырылған және қыртысталған қож қайта өңделеді. 2019 жылы басталған Ақтөбе ферроқорытпа зауыты тазар­тылған феррохромының қордаланған қождарын қайта өңдеу бойынша стра­тегиялық міндеттерін орындауды жал­ғас­тырып келеді. 2019 жылы – 50 мың тонна, 2020 жылы – 100 мың тоннаны қайта өңдеу мақсаты сәтті жүзеге асырылды. 2021 жылы қосымша 150 мың тонна қож қайта өңделді. ERG Recycling 2025 жылға дейін жылдық көлемді 500 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Бұдан өзге, компания жас буынның экологиялық көзқарасын қалыптастыру шараларын жүзеге асырып келеді. Ақтөбе мен Хромтауда «Жасыл мектеп» жобасы, пластик өнімдерімен күреске бағытталған «Пакет, кет» акциясы өткізіледі. Ком­пания Ақтөбеде үйсіз жүрген жануарларды тегін зарарсыздандыруды қаржылан­дырады, сондай-ақ компанияда үшінші жыл қатарынан қоқыстарды бөлек жинау жобасы орындалып келеді.