18 қарашаға арналған ауа райы болжамы
18 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: kaztag.kz
490
оқылды
«Қазгидрометтің» болжамынша, бүгін ауа райына атмосфералық фронт әсер етеді. Сондықтан Қазақстанның батысы мен шығысында, солтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ болады, жел күшейіп, елдің шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде – -13 -15°С, күндіз – -7-9°С болады. Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел соғады, екпіні – - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде – -4-6°С, күндіз – +5+7°С болады. Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны – 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +10+12°С болады.