Петропавлдағы жарылыс: дәрігер зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
Петропавлдағы жарылыс: дәрігер зардап шеккендердің денсаулығы туралы айтты
Фото: yandex.kz
1,227
оқылды
Петропавлда техникалық қызмет көрсету орталығында жарылыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Петропавлда 17 қараша күні көлік жөндеу стансаларының бірінде жарылыс болып, арты өртке ұласты. Болжам бойынша, стансадағы көліктердің бірінде тұрған газ қондырғысы жарылған. Жарылыстан 9 адам жарақат алды. Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің бесеуі ауруханаға жатқызылды. Үшеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, амбулаториялық ем алуға үйіне жіберілді. Біреуі ауруханаға жатудан бас тартқан.
«Жарылыс кезінде 24-50 жас аралығындағы ер адамдар жарақат алды. Төрт адам жарақат бөлімшесіне жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың беті, екі қолы, иығы, енді бірінің аяғы мен белін күйік шалған. 50 астағы ер адам жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне орналастырылды. 46, 30 және 26 жастағы үш сырқат үйіне емделуге жіберілді. Беті-қолы күйіп қалған. Ал 33 жастағы ер адамның беті-қолынан бөлек құлақтарын да күйік шалған. Алайда ол ауруханаға жатып емделуден бас тартты», – деді департаменттің баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
Бұған дейін Петропавлда жарылыс болғанын хабарлаған болатынбыз.