Ресейлік көлікті тіркетпек болған тұрғын 1,4 миллион теңгесінен айырылды
Ресейлік көлікті тіркетпек болған тұрғын 1,4 миллион теңгесінен айырылды
Фото: rg.ru
508
оқылды
Ақтауда ресейлік көлікті «тіркеп беремін» деген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің мәліметінше, былтыр наурыз айында алаяқ жәбірленушіден ақша алған. Toyota Ipsum автокөлігін Ресей есебінен шығарып, Қазақстанда тіркеп беремін деп уәде берген. Шығын көлемі – 1,4 миллион теңге. Полиция 32 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Аталмыш дерек СДТБТ-да ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін рулі оң жақта орналасқан көліктер заңдастырылмайтынын хабарлаған болатынбыз.