Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: almaty.tv
593
оқылды
«Қазгидромет» алдағы екі-үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Республиканың басым бөлігіндегі атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Қар аралас жаңбыр жауады. 20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста жауын-шашын болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта бұрқасын болуы ықтимал. Ауа температурасы түнде солтүстік-батыс және солтүстікте 15-23 градус аязға дейін, шығыста 12-20 аязға дейін төмендеуі күтіледі» делінген хабарламада.