Атырауда жантүршігерлік жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Атырауда жантүршігерлік жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты
Фото: mobillegends.net
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты таңертең болған.    width=
«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 09:00 шамасында Toyota Camry автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі бірнеше жол-көлік оқиғасына себепші болды. Жүргізуші Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінің бойында қарама-қарсы бағытқа шығып, әуелі жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысқан. Көлік соққы екпінімен сол маңдағы құрылыс нысанының қоршауына соғылып, жаяу жүргіншілерге арналған жолақта келе жатқан ер адамды қағып құлатқан. Бұдан кейін тұрақта тұрған Hyundai Elantra мен ВАЗ – 2111 автокөліктеріне соғылған. Ал Hyundai Elantra автокөлігі соққы екпінімен жолда келе жатқан Volkswagen Passat автокөлігімен түйісті. Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігі қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады департамент өкілі.
Қазір жол апатынан мерт болған ер адамның жеке басына қатысты ақпарат анықталып жатыр.  Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң белгілі болады.