Оралдан ұшып шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды, бір адам ауруханаға түсті
Оралдан ұшып шыққан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды, бір адам ауруханаға түсті
855
оқылды
Оралдан Алматыға ұшқан ұшақ шұғыл түрде Ақтөбеге қонды. Оралдан ұшқан FlyArystan ұшағы Алматыға 18 қараша күні сағат 06.15-те жетуі керек еді. Алайда бір жолаушы өзін жайсыз сезінгендіктен, ұшақ амалсыздан Ақтөбеге қонды. ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Оралдан Алматыға бет алған ұшақ 18 қараша күні сағат 05.20-да Ақтөбе қаласындағы әуежайға қонды.
«Ақтөбеге қонуының себебі – 1963 жылы туған ер адамның денсаулығы нашарлаған. Ол Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.