"5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі": өгей анасы тамақ бермеген балаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
"5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі": өгей анасы тамақ бермеген балаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр
1,141
оқылды
5 жасар баланың салмағы небәрі 10 келі, – деп хабарлайды Sputnik.kz.   Көкшетау полициясына 2017 жылғы баланың туысы арыз жазып, әкесі мен өгей шешесі балаға дұрыс тамақ бермей, ара-тұра байлап қоятынын хабарлаған.
 «Тексеру барысында 37 жастағы Көкшетау тұрғынының бірінші некесінен кәмелетке толмаған 3 баласы және екінші некесінен кәмелетке толмаған 4 баласы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта ол екінші әйелімен тұрады», – деп хабарлады полиция.
Учаскелік полиция инспекторы мен жауапты мекеме өкілдері осы үйге барып, баланың әлсіреп кеткен күйін көрген. Бала облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.  Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр.