Қытай көліктерін сату тиімсіз болып тұр
Қытай көліктерін сату тиімсіз болып тұр
Электр кроссовер Hongqi E-HS9 көлігін қытайлық Rolls-Royce деп атайды. Фото autonews.ru сайтынан алынды
Қытайлық компаниялар әлемдік автомобиль нарығындағы жағдайды пайдаланып, көліктің бағасын шарықтатып жіберді. Мұндай тариф саясатының нәтижесін биыл Ресейдегі дилерлер қатты сезіне бастады. Көлік сатылымы үш есе құлдырады. Бұл туралы Ведомости газетіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_227955" align="aligncenter" width="1224"]Рисунок2 Қытайдың Hyosow компаниясы шығарған C60F моделі атақты Lamborghini Urus көлігіне ұқсайды. Фото carnewschina.com сайтынан алынды[/caption] Ресейлік дилерлер қытайлық көліктерді сатудың тиімсіз болғанын айтады. Өйткені, қазір ресейлік нарықта қытайлық және ресейлік көліктерден басқа көліктер сатылмайды және Қытай компаниялары осыны пайдаланып бағаны шарықтатып жіберген. Сарапшы мамандар бұның экономикалық себептерін де өздерінше түсіндіреді.
Жыл басында рубль бағамы күрт құлдырағаны белгілі. Соған байланысты барлық өндірушілер бағаны көтеріп жіберген. Одан кейін рубль нығайғанымен бағалар өзгеріссіз қалды.
Нәтижесінде, өндірушілер бүгінгі күні тұтынушылар үшін бәсекеге қабілетті жақсы бағалар мен жеңілдіктер бар екенін алға тартады. Ресейлік авто өндірісінде корей және қытай брендтері сияқты проблемалар бар. Жаһандық тұрғыдан алғанда жағдай өте күрделі және жалпы бүгінгі күні автомобиль өндірісі тығырыққа тірелген. [caption id="attachment_227956" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 Дилерлер қытайлық көліктерді сатудың тиімсіз болғанын айтады. Фото autoconsulting.ua сайтынан алынды[/caption] Екінші жағынан, қытайлықтар үшін юаньның рубльге қатынасы аса тиімді емес.
Қытай компаниялары нарықта қарқынды дамып келеді, олар қыркүйек айында ғана 2,5 миллион көлік сатқан.
Олар сыртқы санкцияларға ұшыраған Ресейдің қиын жағдайын пайдаланып солтүстіктегі көршісіне қымбат бағамен автокөліктерді жеткізуде.   [caption id="attachment_227957" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок4 Қытай Ресейдің қиын жағдайын пайдаланып көршісіне қымбат бағамен автокөліктер сатуда. Фото autonews.ru сайтынан алынды[/caption] Биыл Ресейде автокөлік сатылымы үш есе құлдырады. Жылда осы кезеңде 1,5 миллион көлік сатылып келсе биыл 0,5 миллионнан сәл астам автокөлік сатылған.
Көшбасшылар әлі де Lada, Kia, Hyundai. Қазір Haval алтыншы орында, Geely 11-ші, ал Chery 13-орында.
2021 жылы бұл компаниялардың сатылымдар рейтингіндегі позициялары айтарлықтай төмен болды. Қытай көліктері Ресей нарығында өздерінің үлесін жылдам арттыруда.