Былтыр ақпанда Глостерширдегі Уинчкомб қаласының үстінде кешкі аспанды үлкен отты шар жарқыратып жерге метеорит құлады. Жергілікті тұрғындар егістік пен бақтарынан және жолдан қара түсті тастың сынықтарын тапты. BBC агенттігі жарты келіден астам осындай барлық сынықы жинап, ғалымдар оны мұқият зерттегенін жазады. Aikyn.kz агенттікке сілтеме жасап ғарыштан құлаған метеориттің құпиясы туралы хабарлайды. Лондондағы Табиғаттану мұражайында (NHM) каталогтқа енгізіліп, зерттеу үшін әлемдік ірі зертханаларға жіберілді. Ғалымдардың айтуынша, зертханалық талдаулары таңғажайып нәтиже көрсеткен.
Метеоритте кәдімгі Жердегідей су бар екені дәлелденген. Бұл тіршілікті тудырған негізгі химиялық заттар планетамызға миллиардтаған жыл бұрын ғарыштан әкелінген деген теорияны дәлелдей түседі.Кейбір ғалымдардың пікірінше, Жер алғашқыда өте ыстық болғандықтан ол судың мол көлемінен арылуы керек еді. [caption id="attachment_227986" align="aligncenter" > Уинчкомб метеоритінің осындай фрагменті аукционда таза алтыннан 120 есе жоғары бағаға сатылды. Фото BBC сайтынан алынды[/caption] Қазір планетаның 70%-ға жуығын мұхиттар алып жатқанын есептесек, онда осыншама су Жерге ғарыштан ғана келеді. Оны Уинчкомбқа түскен мұзды кометалар ғана тасымалдай алады.
Зерттеушілердің пікірінше, құлаған метеориттің 11%-ын су құрайды. Оның құрамы жердегі сумен бірдей.Бұл метеорит құлағаннан кейін 12 сағаттан аз уақыт өткен соң жиналып алғаны ескерсек, онда ол жердегі ылғалды немесе басқа элементтерді бойына сіңіріп үлгермегенін көрсетеді. Яғни, құрамындағы барлық элементтерді ол ғарыштан өзімен бірге әкелді.
«Барлық басқа метеориттер жер бетінде ұзақ уақыт жатып құрамын өзгертеді. Бірақ Уинчкомбтың бірегейлігі, ол өте тез зертханаға жеткізілді», – деп түсіндіреді Табиғаттану мұражайының қызметкері доктор Эшли Кинг.[caption id="attachment_227987" align="aligncenter" > Метеориттер Жер бетінде ұзақ уақыт жатып құрамын өзгертеді. Бірақ Уинчкомб өте тез зертханаға жеткізілді. Фото BBC сайтынан алынды[/caption] Метеориттің құрамында көміртегі және азот бар органикалық компоненттерді, соның ішінде амин қышқылдарын зерттеген мамандар дәл осындай қорытындыға келген. Дәл осы химиялық құрам Жердегі тіршіліктің негізін қалау үшін қажет болған. Ғалымдарды қызықтырған келесі сұрақ ерекше метеориттің қайдан пайда болғаны еді. Зерттеу авторлары мұны да анықтады.
Уинчкомбтағы сыртқы камералармен түсірілген отты құйрықтың суреттері метеориттің траекториясын есептеуге мүмкіндік берді. Ол Марс пен Юпитер арасындағы сыртқы астероидтық белдеуден келген болып шықты.Үлкен астероидтен бөлінген ғарыш объектісі Жерге қарай бет алады және бізге жету үшін оған 200-300 мың жыл қажет болды. «200 000-300 000 жыл өте ұзақ уақыт сияқты естіледі, бірақ геология тұрғысынан бұл бір сәт», – деп түсініктеме береді NHM докторы Хелена Бейтс.
Ғалымдар Уинчкомб метеориті Жерге дер кезінде жетіп, әлі ашылмаған құпияларымен бөліседі деп сенеді.«Біз бұл нысанды зерттеуді жылдар бойы жалғастырамыз. Ол Күн жүйесінің пайда болу құпиясын ашатынына кепілдік бере аламыз», – дейді зерттеушілердің бірі, Глазго университетінің докторы Люк Дейли.