ОСК төрағасы қазақстандықтарға үндеу жариялады
ОСК төрағасы қазақстандықтарға үндеу жариялады
540
оқылды
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров сайлау алдындағы тыныштық қарсаңында үміткерлерге үндеу жасады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сайлау туралы» конституциялық заңның нормаларына сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат сайлау болатын күннің алдында жергілікті уақытпен сағат 00:00-де аяқталады. Осылайша бүгін сайлауалды үгіттің соңғы күні. Сайлау процесіне қатысушылардың барлығының назарын, ертең, яғни 19 қараша – тыныштық күні екеніне аударғым келеді. Яғни, бүгін түнгі 00:00-ден сайлау күніне дейін тыныштық күні жарияланады. Осыны есте сақтаңыздар», – деді Н. Әбдіров Орталық сайлау комиссиясында өткен жиналыста.
Тыныштық күні сайлауалды үгіт-насихатпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады және ол үшін заңнама мен құқықтық жауапкершілік көзделген. Бүгінгі ОСК отырысында осы мәселелер бойынша уәкілетті және қадағалау органдарының ақпараты тыңдалды. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров ҚР президенттігіне кандидаттардың БАҚ-та жүргізген сайлауалды үгіт қорытындыларын баяндады.