Ақтау қаласында ресейлік көлікті «тіркеп беремін» деп жүрген алаяқ ұсталды. Polisia.kz-тің мәліметінше, былтыр наурыз айында алаяқ жәбірленушіден ақша алған. Toyota Ipsum автокөлігін Ресей есебінен шығарып, Қазақстанда тіркеп беремін деп уәде берген. Осылайша, жәбірленуші1,4 миллион теңгесінен айырылған. Қазір полиция 32 жастағы күдіктіні ұстады. Аталмыш дерек СДТБТ-да Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр. Бұған дейін рулі оң жақта орналасқан көліктер заңдастырылмайтынын жауаптылар жария еткен болатын.