Құтқарушыларға арналған мурал
Құтқарушыларға арналған мурал
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің біріне құтқарушы­лардың құрметіне мурал салынды. Арт-нысан «Айнабұлақ» ша­ғынауда­нындағы тоғыз қабатты үйдің қасбетінде салынған. Тө­тенше жағ­дай­лар департаментінің мәлі­метін­ше, муралға арналған тақырып кездейсоқ таңдалмаған. Құтқару­шылар әрқашан алдыңғы қатарда өмірін қатерге тігеді. Сондықтан ел құрметіне бөленген мамандық. Қа­быр­ғада кішкентай қызды жа­лы­ннан алып шыққан өрт сөндіру­ші – құтқарушы бей­неленген.
«Айта кету керек, ұқсас бейне­лер, мүсіндер төтенше жағдай­лар­ды жоюға да, олардың алдын алуға да қатысқан барлық құтқарушы­ның ұжымдық бейнесі», – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі­нен.