Ерлан Қарин: Сайлауда мемлекеттік құрылымның жаңа моделі іске қосылады
Ерлан Қарин: Сайлауда мемлекеттік құрылымның жаңа моделі іске қосылады
Президент сайлауы елдің одан әрі даму жолдары туралы жаңа мазмұнды қоғамдық пікірталастарға серпін берді. Бұл пікірді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин білдірді. Ерлан Қарин өзінің Telegram парақшасында сайлау науқанынан бөлек, алдағы сайлаудың аса маңызды міндетін де ұмытпау керектігіне тоқталды.
«Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Жалпы, президенттік сайлау жарияланған сәттен бері сайлау науқаны шамамен үш айға созылды. Бұл сайлау елдің одан әрі даму жолдары туралы жаңа мазмұнды қоғамдық пікірталастарға серпін берді. Осы жексенбіде нақты бір кандидатқа дауыс беру ғана жүрмейді, қазақстандықтар маусым референдумында конституциялық контурларын бекіткен мемлекеттік құрылымның жаңа, анағұрлым демократиялық моделі іске қосылады», - деп жазды Е.Қарин.