Жәбірлеуді ескерту ұлттық орталығының қызметкерлері Алмазбек Атамбаевты МҰҚК тергеу изоляторында тексерді, – деп жазады 24.kg-ге сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Ұлттық орталықтың директоры Нурдин Сулаймановтың айтуынша, Қырғызстанның бұрынғы президентінің қан қысымы төмендеп кетті деген ақпарат расталды. «Алмазбек Атамбаевтың қысымы шынымен де төмен және ол құбылып тұрады. Медициналық картасындағы ақпаратқа сәйкес, оның қысымы 70-90 болған. Әңгіме барысында Атамбаев таңертең басы ауырғанын, ал тонометр 85-59-ды көрсеткенін айтты, ал оның қалыпты қысымы 110-70 екен. Ол қазір дәрігерлердің бақылауында», – деді Нұрдин Сулайманов. Ұлттық орталықтың директоры Алмазбек Атамбаевтан тергеу изоляторы әкімшілігі мен қызметкерлеріне шағым түспегенін айтты. Айта кетейік, 19 ақпанда Атамбаевтың ұлы әкесінің денсаулығы нашар екенін әлеуметтік желілерде хабарлаған еді.