Аграрлық салада ілгерілеу бар
Аграрлық салада ілгерілеу бар
© коллаж: Қуаныш Сапарбаев
Негізінен аграрлық ауыл шаруа­шылығына маман­дан­ған   жөнінен жетекші рөлге ие өңір­лердің бірі. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде об­лыс­та ауыл шаруашы­лы­ғынан алынатын өнім көлемі 59 есе өсіп, 672 миллиард тең­­ге­ге жетіп жығылған. Ауыл ­шаруа­шылығының ішкі жал­пы өнім көлемінің ар­туы са­ладағы ауыл ша­руа­шы­лы­ғы техника­ла­ры­ның жаңар­­тылуы, өндіріл­ген дақыл мен көкөністерді өңдеудің алға жылжуына бай­ланысты қол жеткізіл­ген. Облыстық ауыл шаруа­шы­лығы басқармасының деректері бойынша, қазір облыс агро өнеркәсіптік кешеннің даму көрсеткіштерінің жақсаруының арқасында өңірдің ішкі азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, алыс-жақын шетелдерге экспорттауда да жоғары нәтижеге жеткен. Өңірде ауыл шаруа­шы­лы­ғындағы ішкі жалпы өнім кө­лемі 1991 жылмен салыстырғанда 59 есе ұлғайып, 672 миллиард тең­геге жеткен. Яғни, сонау Тәуел­сіздік алған тұста небары 11,3 миллиард теңге болған. Биыл­ғы жылдың 10 айында өнім көлемі одан әрі өсті – 682 миллиард теңге. Алынған өнім көлемі жоға­ры­лағанымен астықты дәнді- дақыл­дарды себу алқабының кө­лемі 1 443 гектарға дейін азай­ған. Мәселен, 1991 жылы егін алқабының жалпы көлемі 6 488 гектар болса, 2021 жылы 5 045 гектар алқапқа астық егілген. Аграрлық саланың дамуына шағын шаруа қожалықтарының бірігіп, ауыл шаруашылық коо­пе­ративтерінің құрылуы да зор септігін тигізген.
«Бүгінде өңірде 273 ауыл ша­руашылығы кооперативтері тір­келген. Онда 193 ұжымдас­тырылған және жеті мыңнан ас­там шаруа қожалықтары бі­рік­тіріліп отыр. Негізінен бұл шаруашылықтар етті және сүтті мал шаруашылықтарына бағыт­талып отыр», – дейді Ақмола об­­лысы ауыл шаруашылығы бас­­­­қармасы басшысының орын­­­­басары Еркеш Әленов.
Облыста соңғы жылдары ас­тықты және бұршақ да­қыл­дардың көлемі 2,5 миллион тоннаға ұлғайған. Әсіресе майлы дақылдарды өсіруге барынша назар аударылыпты. Өйткені 2001 жылдан бері майлы дақыл­дар егілетін егістік көлемі 256 мың гектарға ұлғайған. Статис­тикалық деректерге жүгінсек, 2001 жылы 8,5 мың гектар болса, 2010 жылы 130 мың гектар, ал 2021 жылы 265 мың гектарға жеткізілген. Өңірде ауыл шаруашылығын одан әрі дамыта түсуге барлық факторлар бар. Диқан қауымы да сол мүмкіндіктерді орайымен пайдаланып жүзеге асыруға мүдделі.

Ақмола облысы