Негізінен аграрлық ауыл шаруашылығына маманданған жөнінен жетекші рөлге ие өңірлердің бірі. Тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде облыста ауыл шаруашылығынан алынатын өнім көлемі 59 есе өсіп, 672 миллиард теңгеге жетіп жығылған. Ауыл шаруашылығының ішкі жалпы өнім көлемінің артуы саладағы ауыл шаруашылығы техникаларының жаңартылуы, өндірілген дақыл мен көкөністерді өңдеудің алға жылжуына байланысты қол жеткізілген. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша, қазір облыс агро өнеркәсіптік кешеннің даму көрсеткіштерінің жақсаруының арқасында өңірдің ішкі азық-түлік қажеттілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, алыс-жақын шетелдерге экспорттауда да жоғары нәтижеге жеткен. Өңірде ауыл шаруашылығындағы ішкі жалпы өнім көлемі 1991 жылмен салыстырғанда 59 есе ұлғайып, 672 миллиард теңгеге жеткен. Яғни, сонау Тәуелсіздік алған тұста небары 11,3 миллиард теңге болған. Биылғы жылдың 10 айында өнім көлемі одан әрі өсті – 682 миллиард теңге. Алынған өнім көлемі жоғарылағанымен астықты дәнді- дақылдарды себу алқабының көлемі 1 443 гектарға дейін азайған. Мәселен, 1991 жылы егін алқабының жалпы көлемі 6 488 гектар болса, 2021 жылы 5 045 гектар алқапқа астық егілген. Аграрлық саланың дамуына шағын шаруа қожалықтарының бірігіп, ауыл шаруашылық кооперативтерінің құрылуы да зор септігін тигізген.
«Бүгінде өңірде 273 ауыл шаруашылығы кооперативтері тіркелген. Онда 193 ұжымдастырылған және жеті мыңнан астам шаруа қожалықтары біріктіріліп отыр. Негізінен бұл шаруашылықтар етті және сүтті мал шаруашылықтарына бағытталып отыр», – дейді Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркеш Әленов.Облыста соңғы жылдары астықты және бұршақ дақылдардың көлемі 2,5 миллион тоннаға ұлғайған. Әсіресе майлы дақылдарды өсіруге барынша назар аударылыпты. Өйткені 2001 жылдан бері майлы дақылдар егілетін егістік көлемі 256 мың гектарға ұлғайған. Статистикалық деректерге жүгінсек, 2001 жылы 8,5 мың гектар болса, 2010 жылы 130 мың гектар, ал 2021 жылы 265 мың гектарға жеткізілген. Өңірде ауыл шаруашылығын одан әрі дамыта түсуге барлық факторлар бар. Диқан қауымы да сол мүмкіндіктерді орайымен пайдаланып жүзеге асыруға мүдделі.
Ақмола облысы