Семейде автобус өртенді. Зардап шеккендер жоқ
Семейде автобус өртенді. Зардап шеккендер жоқ
427
оқылды
18 қараша күні сағат 14.40-та Абай облысы Полиция департаменті жедел басқару орталығының "102" арнасына Семей қаласы Әуезов даңғылында автобустың өртеніп жатқаны туралы куәгерлер хабарлай бастады. Кейінірек әлеуметтік желілерде өрт орнынан видеолар пайда болды. Болған мән-жайларды анықтау барысында аталған автобустың қаладағы бір ұйымға бекітілгені және қоғамдық тасымалдауға ешқандай қатысы жоқ екені белгілі болды. Қозғалыс кезінде жүргізуші мен жолаушылар қозғалтқыш бөлігінен түтін шыққанын көрген. Жүргізуші көп ойланбай нұсқаулыққа сәйкес әрекет ете бастайды, үш жолаушыны эвакуациялауды қамтамасыз етіп, содан кейін өрт сөндірушілер бригадасын шақырады. Олар келгенге дейін өртті өздігімен сөндіруге тырысқан. Тілсіз жаудың шығу себебін сараптама анықтайды. Полицейлер құтқарушылар келгенге дейін оқиға орнын қоршауға алды.