Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
Қазақстандықтар желтоқсанда қанша күн демалады?
355
оқылды
Биыл желтоқсанда мерекелерге байланысты біршама өзгеріс бар. Мерекелердің жаңартылған күнтізбесі мынадай: Желтоқсанда қазақстандықтар 21 күн жұмыс істеп, 10 күн демалады. 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні демалыс болмайды. Ол мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталды, енді ол Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы даталарға және әлеуметтік мәні жоғары әлеуеті бар басқа да даталарға ұқсас болып қалдырылды. Биыл 1 желтоқсан бейсенбіге сәйкес келеді және толық жұмыс күні. Сондай-ақ биыл Тәуелсіздік күніндегі демалыс күндері қысқарды. Енді мереке тек бір күн - 16 желтоқсанда тойланады. Ал 17 желтоқсан жұмыс күні болады. Биыл 17 желтоқсан сенбіге сәйкес келеді және аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін демалыс күні болады. Яғни, 16 желтоқсан және сенбі, жексенбі күнгі демалыстарды қосқанда қазақстандықтар желтоқсанда 10 күн демалады. Қазақстанда жылдың соңғы күні жұмыс күні болады. Бірақ биыл 31 желтоқсан сенбіге келгендіктен, бес күн жұмыс істейтіндер үшін де демалыс болады.