Президент сайлауы: 15 өңірде дауыс беру басталды
Президент сайлауы: 15 өңірде дауыс беру басталды
536
оқылды
 Еліміздің 15 өңірінде кезектен тыс президент сайлауы басталды. Атап айтқанда, Абай облысында – 475, Ақмола облысында – 717, Алматы облысында – 606, Шығыс Қазақстан облысында – 537, Жамбыл облысында – 493, Жетісу облысында – 447, Қарағанды облысында – 642, Қостанай облысында – 745, Павлодар облысында – 528, Солтүстік Қазақстан облысында – 640, Түркістан облысында – 919, Ұлытау облысында – 136, Астана қаласында – 406, Алматы қаласында – 600, Шымкент қаласында 311 сайлау учаскесі жұмысына кірісті. Ал қалған 5 өңірде, атап айтқанда Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де, елорда уақытымен сағат 08.00-де басталады. Айта кетейік, бүгін, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Алғашқылардың бірі болып Жапония мен Оңтүстік Кореядағы сайлау учаскелері жұмысын бастады. Токио мен Сеулден алғаш болып қазақстандық кәсіпкерлер Сырымбек Тау мен Юрий Цой дауыс берді.