Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді

Ерлан Қарин сайлауда дауыс берді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин президенттік сайлауда дауыс берді. Бұл туралы Sailau2022 Telegram арнасы хабарлайды.

«Әрбір сайлаудың маңызы зор, өйткені ол елдің болашағына, дамуына, әрбір азаматтың ертеңіне әсер етеді. Бұл сайлау еліміздің даму перспективаларын анықтау үшін маңызды деп ойлаймын. Бұл сайлау жаңа мемлекеттік құрылымның негізін қалайды», - деді Ерлан Қарин.