Үкімет отставкаға кетпейді – Президент
Үкімет отставкаға кетпейді – Президент
1,302
оқылды
Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере отырып, осы сайлаудан соң қандай өзгерістер болатынын айтты. Оның пайымынша, Парламент сайлауына дейін жаңа партиялар пайда болуы мүмкін.
«Біз жаңа саяси партиялар тіркеуден өтетінін айтқан болатынбыз. Бұл процесс жүріп жатыр. Егер олардың өздері заңды бұзса, біз заңды бұзып, партияларды қолдан тіркей алмаймыз. Әрине, біз қолайлы жағдайларды жасаймыз. Парламент сайлауы басталғанға дейін бірнеше партия қажетті талапты орындап, тіркеуден өтеді деп топшылаймын. Бұл біздің мүддемізге сай деп есептеймін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Үкіметтің әзірге отставкаға кетпейтінін атап өтті.
"(Сайлаудан кейін - автор) кадрлық өзгерістер болады. Үкімет отставкаға кетпейді. Себебі  заң бойынша Мәжіліс сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кетуі керек. Дегенмен кейбір өзгерістер Үкімет болсын және тағы басқа мекемеде міндетті түрде болады", – деді Президент.