Мемлекет басшысы сайлаудағы бәсекелестерін жақсы танымайтынын мәлімдеді
Мемлекет басшысы сайлаудағы бәсекелестерін жақсы танымайтынын мәлімдеді
210
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру рәсімінен соң, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол өзінің осы сайлаудағы бәсекелестері туралы да айтты.
“Біріншіден, басқа президенттікке үміткерлерді бұрын жақсы білген жоқпын. Бірақ олар еліміздің лайықты азаматтары, білімді, тәжірибелі. Сондықтан олар келешекте еліміз үшін пайдалы қызмет ететініне ешқандай күмәнім жоқ”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ол сауалдарға жауап беру барысында 7 жыл сайланатын Президенттің халыққа берген уәдесін орындауға жеткілікті екенін де атап өтті.
«7 жыл уақыт жеткілікті деп ойлаймын. Себебі 7 жыл әрбір адамның ғұмырындағы үлкен мерзім. Сондықтан ең алдымен, бізде, Қазақстанда билікке ешқандай монополия болмайды, билікті монополияға айналдыруға тыйым салынады. Бұл  – маңызды мәселе.  7 жыл жеткілікті. 21 жыл ішінде, Құдай қаласа, Қазақстанда 3 президент болады. Меніңше, бұл  – өте жақсы», – деді Президент.