Маралтай Райымбек: Алматы әрқашан ел тағдырында маңызды орында
Маралтай Райымбек: Алматы әрқашан ел тағдырында маңызды орында
Алматының №322 сайлау учаскесінде белгілі ақын Маралтай Райымбек кезектен тыс президент сайлауында алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол мегаполис халқының белсенді түрде дауыс беріп жатқанын айтты. Сондай-ақ мұндай маңызды шарада дауыс беруді парызы санайтынын хабарлады. «Бүгін отбасымызбен сайлау учаскесіне ертерек келуге тырыстық. Осы жолы да солай болды. Сөйтіп, өз таңдауымызды жасадық. Осылайша, ел тізгігін ұстайтын тұлғаға даусымызды бердік. Біз әрқашан отбасымызбен ел тағдырын шешетін елеулі дүниелерге атсалысып келеміз. Бұл жолғы сайлаудың да жөні бөлек. Бұрынғысынан өзге  болып жатыр. Сондықтан әділ сайлау өтіп жатыр деп айта аламыз. Осыған дейін талай рет саяси науқандарға араласып жүрміз. Алматы әрқашан ел тағдырында маңызды орында тұрады. Сайлаушылардың қатары бозғылтаңнан бастап белсенді. Сайлауға келушілер қатары көп. Ел-жұрт өз таңдауын жасауда. Әрине, көпшіліктің осындай белсенділік  танытуы қуантады. Бүгінгі заман да, уақыт та өзгеруде. Әркім өзінің сайлау кезіндегі үлесі бар екенін біледі. Сонымен бірге өз жауапкершіліктерін сезінеді. Сондықтан да елдің бәрі бір кісідей атсалысып жатыр», – деді ол.