Салтанат Тұрсынбекова дауыс берді
Салтанат Тұрсынбекова дауыс берді
320
оқылды
Бүгінгі сайлауда «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған ҚР президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова дауыс берді, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Салтанат Тұрсынбекова Астанадағы №113 сайлау учаскесінде дауыс берді. Айта кетсек, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне алты кандидатты тіркеді:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан және Қазақстан халық партиясынан; - Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан; - Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен; - Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен; - Мейрам Қажыкен – «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен; - Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП).