Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді

Қазақстан президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен сайлауда дауыс берді. Ол кезектен тыс сайлауда дауыс беру үшін Астана қаласындағы №66 мектеп-лицейде орналасқан №113 сайлау учаскесіне сағат 11.04-те келді. Мейрам Қажыкен дауыс беруге әйелі мен қызын ертіп келді. Айта кетсек, бүгін, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне алты кандидатты тіркеді:

- Қасым-Жомарт Тоқаев – «AMANAT», «Ақ жол» партияларынан және Қазақстан халық партиясынан; - Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан; - Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен; - Салтанат Тұрсынбекова – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен; - Мейрам Қажыкен – «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен; - Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП).