Ең аз және ең көп дауыс берген өңірлер аталды

Ең аз және ең көп дауыс берген өңірлер аталды

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 12.05-тегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55  пайызы  бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан бойынша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауына 4  606  596 адам немесе сайлаушылардың 38,55 пайызы қатысты», – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов.
Оның ішінде:
  1. Абай облысы бойынша – 43,67 %
  2. Ақмола облысы бойынша – 40,13 %
  3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,48 %
  4. Алматы облысы бойынша – 25,83 %
  5. Атырау облысы бойынша – 40,42 %
  6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 27,55 %
  7. Жамбыл облысы бойынша – 41,29 %
  8. Жетісу облысы бойынша – 42,18 %
  9. Қарағанды облысы бойынша – 44,99 %
  10. Қостанай облысы бойынша – 42,87 %
  11. Қызылорда облысы бойынша – 43,46 %
  12. Маңғыстау облысы бойынша – 41,19 %
  13. Павлодар облысы бойынша – 44,23 %
  14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 43,64 %
  15. Түркістан облысы бойынша – 64,21 %
  16. Ұлытау облысы бойынша 52,22 %
  17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 41,86 %
  18. Астана қаласы бойынша – 19,33 %
  19. Алматы қаласы бойынша – 16,89 %
  20. Шымкент қаласы бойынша – 34,41 %
Келесі жедел ақпарат сағат 14.05-те берілетін болады.